«Қазгидромет» 2 шілде күнгі ауа райы болжамын жариялады. Еліміздің басым бөлігінде жаңбыр, найзағай, бұршақ, жел күтіледі. Кей өңірлерде сел жүру қаупі сақталады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Бүгін бірқатар өңірде найзағай ойнап, жаңбыр, бұршақ жаууы ықтимал. Сондай-ақ дауыл тұрып, кейбір аудандарда қатты жаңбыр жауады.
Қазақстанда шілде айында 44 градусқа дейін күн ысиды
Республика бойынша жел күшейеді, оңтүстікте шаңды дауыл, солтүстікте, шығыста түнде және таңертең тұман болжанған.
Күндіз Жетісу облысында, Павлодар облысында 35 градус, Шығыс Қазақстан, Абай облыстарында 35-37 градус қатты ыстық күтіледі.
Астанада күндіз жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Оңтүстік, оңтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с-қа дейін жетеді.
Алматы қаласы мен Алматы облысында нөсер жаңбырға байланысты Іле және Күнгей Алатауында сел жүру қаупі бар.
Шымкентте жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с болады.
Еуропада аптап ыстықтан 1 300-ден астам адам көз жұмды