Португалияда аптап ыстыққа байланысты қызыл деңгейдегі дабыл жарияланды. Елдің 12 округінде жоғары дайындық режимі жексенбі күнге дейін күшінде болады, деп жазады Egemen.kz.
Бұл өңірлерде күндіз ауа температурасы 44 градусқа дейін көтеріліп, түнде 28 градустан төмен түспейді. Синоптиктердің болжауынша, аптап ыстық тағы 10 күнге созылады.
Еуропада аптап ыстықтан 1 300-ден астам адам көз жұмды
Үкімет қала әкімдіктерін кондиционері бар, қарттар мен ауыр науқастарға арналған уақытша паналау орындарын ашуға шақырды.
Қытай аптап ыстықпен күресудің ерекше тәсілін ойлап тапты
Метеорологтар өңірдегі климаттың өте жылдам өзгеріп жатқанын айтып, дабыл қақты. Бұрын Португалияда жылына ең көбі 3 рет ыстық толқын тіркелетін болса, қазір оның саны 8-ге дейін артқан.
Германиядағы аптап ыстық: Соңғы үш күнде 20-дан астам адам суға кетті
Айта кетейік, Испанияда маусым айында аптап ыстықтан 1028 адам көз жұмды. Бұл соңғы онжылдықта тіркелген ең жоғары көрсеткіш болып отыр.