Ертең Қазақстанның басым бөлігінде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Бұл туралы «Қазгидромет» хабарлады, деп жазады Egemen.kz
Тек елдің оңтүстігі мен орталығында жауын-шашынсыз ауа райы сақталады.
Батыс және солтүстік-батыс өңірлерде екпінді жел соғып, бұршақ жаууы мүмкін. Сондай-ақ солтүстік облыстарда да бұршақ жауу ықтималдығы бар.
Республика бойынша желдің күшеюі күтіледі. Ал түнгі және таңғы уақытта еліміздің солтүстік-батысы мен солтүстігінде тұман түседі.
Қатты ыстық күтілетін өңірлер:
+35…+39°C – Батыс Қазақстан, Атырау, Ақтөбе, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Павлодар, Қарағанды, Шығыс Қазақстан, Алматы облыстарында, сондай-ақ Жетісу, Ұлытау және Абай облыстарында;
+38…+42°C – Жамбыл облысында;
+40…+43°C – Түркістан және Қызылорда облыстарында;
+43…+46°C – Маңғыстау облысында.
Сонымен қатар +40…+42°C аптап ыстық:
Ұлытау облысында
Батыс Қазақстан облысының оңтүстігінде;
Атырау облысының шығысында;
Ақтөбе облысының оңтүстік-шығысында;
Қостанай облысының оңтүстігінде;
Ақмола облысының батысы мен оңтүстігінде;
Жетісу облысының солтүстігі мен оңтүстігінде күтіледі.