• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
16 Мамыр, 2015

Жүзеге асқан жобалар

322 рет
көрсетілді

 

Еліміздегі «Нұрлы Жол» бағдарламасының аясында жүзеге асырылып жатқан көліктік-логистикалық жобалардың арқасында жүк тасымалы көлемі 283 млрд.тонна шақырымды құрап отыр.

Бұл жөнінде Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында Президент жанындағы ҚСЗИ-дің ғылыми қызметкері Евгений Хон мәлімдеді. Сондай-ақ, ол Елбасы өткен жыл­ғы Жолдауында «Көліктік-логис­ти­калық инфрақұрылымдарды дамыту қажет. Ол макроөңірлерді хаб­тар қағидаты бойынша қалып­тастыру аясында жүзеге асыры­латын болады. Оның үстіне, ин­фра­құрылымдық қаңқа Астанамен және макроөңірлерді магистральды автомобиль, теміржол және әуе жолдарымен шұғыла қағидаты бойынша өзара байланыстырады», деген болатын, дей келе еліміздегі аталмыш салаға байланысты бірқатар ақпараттармен таныстырды.

Оның айтуына қарағанда, Статистика комитетінің ақпараты бойынша, аталған көрсеткіш өткен жылы 487 млн.тонна шақырым бол­ған көрінеді. Арадағы айыр­ма­шылықтың біршама екендігін атап өткен Е.Хон Қазақстан Қытай мен Еуразиялық экономикалық одақ елдері арасындағы жалпы транзиттік жүк тасымалының 1 пайызына иелік ететінін атап өтті. Сонымен қатар, ол сарапшылардың болжауы бойынша, Қытай мен Еуроодақ арасындағы сау­да көлемі 2020 жылдарға қарай 781 миллиард долларға артуы мүм­кін екендігін көлденең тартты. Және де Евгений Хонның айтуы бой­ынша, бүгінгі таңда басымдыққа ие болып отырған теміржол жә­не автомобиль дәліздерінің да­муы да айтарлықтай маңызға ие. Оның себебін біздің мемлекет­тен 5 ірі халықаралық көлік дәліз­дерінің өтетіндігімен байланыстыра келе, Үкімет тарапынан жүзеге асырылған бірқатар жобалар­ды атап айтты. Олардың қатарына «Жетіген – Қорғас», «Өзен – Түрік­менстан мемлекеттік шекарасы» кіретіндігін жеткізді. Ал биылғы жылы «Жезқазған – Бейнеу» және «Арқалық – Шұбаркөл» желілері пайдалануға берілгендігін атап өтті. Эльмира МӘТІБАЕВА, «Егемен Қазақстан».