• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
17 Мамыр, 2015

Шарапова WTA турнирінің жеңімпазы атанды

202 рет
көрсетілді

АСТАНА. 17 мамыр. Мария Шарапова Италия астанасы – Римде өткен әйелдер теннисі ассоциациясы (WTA) турнирінде жеңіске жетті. Бұл туралы lenta.ru хабарлады. Финалдық кездесуде Ресей теннисшісі испаниялық Карла Суарес-Наварродан 4:6, 7:5, 6:1 есебімен басым түсті. Ойын 2 сағат 35 минут жалғасты. Турнирдің сыйлық қоры 2,7 млн. долларды құраған. Шарапова 450 мың доллар ақшалай сыйлық пен WTA рейтінгі есебіне 900 ұпай иеленіп, турнир кестесінде 2 орынға көтерілді. Ендігі кезекте Мария Шарапова 25 мамыр – 7 маусым аралығында Парижде өтетін Францияның ашық біріншілігіне («Ролан Гаррос») қатысуды көздеп отыр. Айдар Өрісбаев. Дерек: lenta.ru. Сурет: reuters.com.
Соңғы жаңалықтар