• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
18 Мамыр, 2015

Италияда алғаш рет эбола вирусын жұқтырған азамат анықталды

355 рет
көрсетілді

АСТАНА. 18 мамыр. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымына Италияда эбола вирусын жұқтырған адам туралы дерек келіп түсті. Мұндай жайт аталған елде алғаш рет тіркеліп отыр. Бұл туралы 24today.net хабарлады. Біріккен Ұлттар Ұйымы ақпарат орталығының хабарлауынша, қатерлі дерттің белгілері жақында ғана Сьерра-Леонеден оралған дәрігер маманнан анықталған. Ол Африкада осы індетке шалдыққандарды емдеген. Италия азаматы Сьерра-Леоне астанасы – Фритауннан Касабланка арқылы келген. Ол Римге 7 мамырда оралды. Ал вирустың алғашқы белгілері 72 сағаттан кейін, яғни, 10 мамырда анықталған. Бастапқыда дәрігерді Сардиниядағы ауруханалардың біріне жатқызады. Екі күн өткен соң оны Римдегі жұқпалы аурулар ұлттық институтына жіберді. Аурудың белгілері 72 сағаттан кейін анықталғандықтан, мамандар Италия азаматымен бірге ұшақта ұшқан жолаушыларға ешқандай қауіп төніп тұрмағанын айтуда. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының деректері бойынша, бүгінге дейін эбола вирусынан Гвинея, Либерия және Сьерра-Леоне елдерінде 11 005 адам қаза тапқан. Одан бөлек, 26 593 адам аталған дертті жұқтырды. Аурудың алғашқы белгілері: дене ыстығының көтерілуі, сандырақтау және ас қорыту жүйесінің бұзылуы. Дерттің қауіптілігі соншалық, алғашында жұқтырғандардың 90 пайызы қаза тапты. Қазіргі кезде бұл көрсеткіш 55 пайызды құрайды. Еламан Қоңыр. Дерек, сурет: 24today.net.