ҚАРАҒАНДЫ. 18 мамыр. Қала іргесіндегі Қарабас теміржол стансасында тұратын 10-сынып оқушысы өзіне қол жұмсап, қайтыс болды. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады.
Оқушысының өлі денесі өзі тұратын үйдің ауласындағы сарайдан табылды. Әзірге жеткіншектің не үшін өзін өлімге қиғаны жайында нақты мәлімет жоқ. Мұндай жолға неге барғаны туралы ешқандай жазбада табылмаған.
Орын алған суицидке байланысты Абай аудандық прокуратура қызметкерлері мен тәртіп сақшылары істі анықтауға кірісті.
Айта кетейік, қайтыс болған жеткіншектің отбасында осындай қайғылы оқиға екінші мәрте орын алып отыр. Осыдан тура 4 жыл бұрын марқұмның әпкесі де өзіне қол жұмсаған.
Айқын Несіпбай.
Дерек: egemen.kz.
Сурет: volzsky.ru.