АҚТАУ. 18 мамыр. Ақтауда жол-көлік оқиғасынан кейін ашу қысқан ер адам әйелге балта алып жүгірді. Бұл туралы lada.kz сайтына сілтеме жасап, egemen.kz тілшісі хабарлады.
Жергілікті құқық қорғау органдары қызметкерлерінің айтуынша, 37 жастағы әйел облысқа қарасты Мұнайлы ауданы Қызылтөбе ауылының тұрғыны. Шабуылдаған ер адам апатқа екінші көлікті басқарған әйел кінәлі деп санайды. Сол үшін де әлгіндей әрекетке барған. Мұндайды күтпеген келіншек бірден полицейлерді шақырды.
Қазір осы оқиғаға байланысты 29 жастағы ер адам күдікті деп танылды. Ақтау қаласындағы 1-ші шағын ауданда тұратын одан ешқайға кетпеу туралы қолхат алынды. Сондай-ақ, ашуға ерік бергені үшін «бұзақылық» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Әзірге басқа деректер белгісіз. Істің ақ-қарасы анықталуда.
Гүлайым Шынтемірқызы.
Дерек, сурет: lada.kz.