• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
18 Мамыр, 2015

Оралда Ғұмар Қараштың еңбектеріне арналған конференция өтті (фото)

417 рет
көрсетілді

ОРАЛ. 18 мамыр. Батыс Қазақстан облысының орталығы – Орал қаласында Алаш қайраткері, ойшыл, ақын, ағартушы Ғұмар Қараштың туғанына 140 жыл толуына орай «Ғұмар Қараш – тарихи тұлға» атты ғылыми-практикалық конференция өтті. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады. Іс-шара барысында ағартушының өлеңдеріне философиялық талдаулар жасалып, шығармаларының әлі күнге өзектілігін жоймағаны туралы айтылды. Сондай-ақ, Ғұмар Қараштың өмірі мен қоғамдық және саяси қызметі жайында баяндамалар жасалды. Сонымен қатар, басқосуда философия ғылымдарының докторы Тілекжан Рысқалиев, журналист Қазбек Құттымұратұлы, «Жайық Пресс» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің бас директоры Жантас Сафуллин және тағы басқа қатысушылар сөз алып, тұлғаның ел тарихындағы орны айрықша екенін айтты. Облыстық мәдениет басқармасы басшысының орынбасары Әбіл Жоламанов конференцияның мақсаты – ойшылдың мұраларын кейінгі ұрпаққа насихаттау, сол арқылы жас буынды отансүйгіштікке тәрбиелеу, ұлт құндылығын жаңғырту екенін тілге тиек етті. Шара аясында Ғұмар Қараштың өмірі мен шығармашылығы туралы деректерді қамтитын «Жойылмаса игі еді, артта қалған ізіміз» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. Темір Құсайын. Дерек, сурет: egemen.kz.