ҚОСТАНАЙ. 18 мамыр. Қостанайда «Жұлдыз» қалалық алғашқы өнер байқауының гала концерті және жеңімпаздарды марапаттау салтанаты өтті. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады.
Қостанай қаласында тұңғыш рет өтіп отырған «Жұлдыз» байқауына 7 және 17 жас аралығындағы өнерлі балалар қатысты. Олар қазылар алқасына вокал, хор, би және музыкалық аспапта шығарма орындау өнерлерін ұсынды. Байқау қорытындысында жеңімпаздар диплом мен арнайы сыйлықтарға ие болды.
Байқауды «Социум и я» қоғамдық бірлестігі мен Қостанай қалалық әкімшілігі ұйымдастырды. Байқауға қаладағы барлық мектептен таланттар қатысып бақтарын сынады. Байқаудың ерекшелігі, ол бірнеше сатыдан тұрды, бірнеше ай бойы таланттар іріктелді. Мысалы, оған тек вокал бойынша қатысуға ғана 30 сұраныс жасалды. Балалар әнді түрлі жанрда айтты. Мысалы жеңімпаздардың бірі, С.Мәуленов атындағы гимназияның оқушысы Мәдина Дәкішева ұстазымен бірігіп, күрделі джаздық композицияны орындап шықты.
Ұйымдастырушылар байқаудың енді дәстүрлі өтеріне сенімді.
Нәзира Жәрімбетова.
Дерек, сурет: alau.kz