• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
22 Тамыз, 2015

Парламент

232 рет
көрсетілді

Ел арасында Парламент Сенатының депутаттары Рашит Әкімов пен Жабал Ерғалиев Ақмола облысының Еңбекшілдер аудандық мәслихатының кезекті 41-сессиясына қатысты, деп хабарлады палатаның баспасөз қызметі. Сессияда аудан әкімі А.Қиы­қов Қазақстан Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Нұрлы Жол – болашаққа бастар жол» Жолдауын іске асыру жөніндегі атқарылған жұмыстар туралы айтып берді. Ол, сондай-ақ,  жыл басынан бері 6049,9 миллион теңгенің өнімдері өндірілгені жөнінде хабардар етті. Өткен жылмен салыстырғанда өнім өндіру 5,2 пайыз өскені, өндіріс көлемінің индексі 107,2 пайызға жеткені атап өтілді. Ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру 32,9 пайызға артты. Аудан­да Индустрияландыру картасы бо­йынша жұмыстар жүргізіліп жатыр. Ал Сенат депутаты Жабал Ер­ғалиев «бес институттық реформаны іске асыру жөніндегі «100 нақты қадам» бағдарламасының басты мәселелеріне тоқталды. Еліміздің Дүниежүзілік сауда ұйымына енуінің артықшылықтары және зейнетақымен қамтамасыз ету туралы заңнаманы жетілдіру жөнінде атқарылған істерге тоқталды. Сенаторлар оқу-өндірістік ком­­­бинатында болды және онда жылу жүйесінің қысқы маусымға әзірлігімен танысты. *  *  * Сенат депутаттары Мұрат Бақтиярұлы мен Бекмырза Еламанов және Мәжіліс депутаты Алмас Тұртаев Қызылорда облысында тұрғындармен кездесті. Кездесу барысында Мұрат Бақ­тиярұлы 2015-2017 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы заңның қабылданғанын, әлем бойынша мұнай бағасының төмендеуіне байланысты бюджет көлемінің кемігенін атап өт­­ті. Сондай-ақ, «Нұрлы Жол» бағ­­дарламасы арқылы Ұлттық қордан қаржы алынып, барлық әлеуметтік кепілдіктердің сақ­та­лып отырғанын жеткізді. Ал Бекмырза Еламанов елімізде кәсіпкерлікті қолдауға байланыс­ты біраз заңдарға өзгерістер енгі­зі­­летініне, шаруашылық субъ­ек­­тілері көлік салығынан бо­са­тылатынына тоқталды. Со­ны­мен қатар, Дүниежүзілік сау­­да ұйымына кіргенде ауыл ша­р­уа­шылығын субсидиялауды 5-6 жыл­ға дейін қысқартпауға рұқсат алынғанын атады. Сенаторлар облысқа сапа­ры ба­рысында Жаңақорған ауда­нын­дағы бірқатар нысандарды аралап көрді. Одан кейін аудандық мәс­­лихат депутаттарымен, бөлім бас­шыларымен жүздесті. Аудан әкімдігінде өткен кездесуді аудан әкімі Руслан Рүстемов жүргізді. Депутаттар Елбасы Н.Назарбаев ұсынған бес институттық реформа және оны жүзеге асыру жөніндегі «100 нақты қадам» – Ұлт жоспарын жан-жақты түсіндірді. – Президент жариялаған «Ұлт жоспары» – еліміздің даму жолы ай­­­­қындалған тарихи құжат. Алдағы жылдары атқарар міндеттердің негізгі бағыты. Мемлекет межесі – бә­секеге қабілетті отыздыққа ену. Әрбір қадам қоғам өміріндегі ма­ңызды саланы қамтыған. Ендігі кезек сол міндеттерді жүзеге асы­руға жұмыс істеу, – деді Бек­мырза Еламанов.