• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
21 Шілде, 2010

ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕ ЖАРЫҚ КӨРГЕН “ҚЫТАЙТАНУ”

746 рет
көрсетілді

Қытай елін танып-білуге бү­гінде әлемнің әр мемлекеті өзінше күш салуда. Ал Қытай Халық Республикасы болса өз елінің ха­лықаралық аренадағы бедел-абы­ройын арттыруда,  өсіп-өркендеу жолындағы жаңа серпілістерін паш етуде әлем халықтарының алда­рына жаңаша бейнемен, жаңаша қырларымен көрініп келеді. Жуырда, елордадағы Ұлттық академия­лық кітапханада Леоу Нин уни­верситетінің профес­соры Су Шу Янның “Қы­тай­тану” кіта­бының тұсаукесер рәсімі өткі­зілді. Бұл іс-шараға қазақстандық қытайтанушы ғалымдар, тари­х­шы­лар, әдебиет пен өнер са­ла­сындағы зиялы қауым, қытай мәдениетіне қызығушы оқыр­ман­дар мен ҚХР Ақпарат ми­нис­трлігінің жанын­дағы бас­па ісі және басылымдар жөніндегі Бас басқарманың бас­тығы, ҚХР-дың Қазақстандағы елшісі Чжоу Ли және Қытайдан келген бірқатар мемлекеттік баспасының басшылары қатысты. Кітап авторы Қытай қандай ел, қандай ерекшеліктерге ие, адамзат тарихының дамуына қандай үлестер қосты деген сынды сұрақтарға жауап іздеген. Елдің тарихи даму жолдары, ежелгі мәдениеті сан мың соқпақты асулары мен бүгінгі жетістіктері жайлы сыр шертеді. Кітапты қытай тілінен қазақ тіліне Дулат Мәлікұлы, Бек Дө­кей­ұлы, Серік Кененбай сынды кәсіби аудармашылар тәржімалапты. Тұсаукесер рәсімде сөз сөйлеген ҚХР-дың Қазақстандағы елшісі Чжоу Ли бұл кітаптың қазақ тілінен бас­қа ағылшын, француз, испан, түрік, неміс тілдеріне аударылып, 10 мыңдаған данамен таралып отыр­ғанын тілге тиек етті. “Кітап қазақ жұр­тының Қытай мем­ле­кетімен жіті танысуына мол мүм­кіндік жасайды. Екі халық ара­сындағы достық байланысты одан әрмен бекемдей түсетініне сенім­дімін”, – деді сөз соңында елші. Арай ҮЙРЕНІШБЕКҚЫЗЫ.