• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
19 Мамыр, 2015

Хоккей. Қазақстан 2016 жылғы әлемдік додада «В» тобында ойнайды

257 рет
көрсетілді

АСТАНА. 19 мамыр. Қазақстанның хоккейден 2016 жылғы әлем чемпионатындағы қарсыластары белгілі болды. Бұл туралы Халықаралық хоккей федерациясына (IIHF) сілтеме жасап, egemen.kz хабарлады. Сәуір айында Польшада бірінші дивизионның «А» тобындағы елдер күш сынасты. Нәтижесінде барлық ойында жеңіске жеткен Қазақстан құрамасы жеңімпаз атанып, элиталық дивизионның жолдамасына ие болды. Ал осындай екінші жолдаманы Венгрия иемденді. Сонымен қатар, өткен жексенбіде ТОП-дивизион елдері арасындағы әлем чемпионатының да аяқталғаны белгілі. Финалда Ресейді 6:1 есебімен тас-талқан еткен Канада кезекті рет чемпиондық атаққа қол жеткізді. Чехияда өткен аталған сайыстан кейін IIHF жаңа әлемдік рейтингті жариялады. Бұл тізімде Қазақстан 17-орында тұр. Соған сәйкес келесі жылы өтетін додада хоккейшілеріміздің қарсыластары анықталды. «В» тобына түскен Қазақстан Швеция, Швейцария, Ресей, Чехия, Латвия, Норвегия және Дания құрамаларымен күш сынасады. Ал «А» тобында АҚШ, Финляндия, Франция, Германия, Канада, Словакия, Беларусь және Венгрия құрамалары сынға түседі. Аталған әлем чемпионаты 2016 жылы 6-22 мамыр аралығында Ресейдің Мәскеу және Санкт-Петербург қалаларында өтеді. Еламан Қоңыр. Дерек: egemen.kz. Сурет: facebook.com.