• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
19 Мамыр, 2015

Елбасы VIII Астана экономикалық форумына қатысады

225 рет
көрсетілді

АСТАНА. 19 мамыр. Мемлекет басшысының қатысуымен өтетін алдағы іс-шаралар аңдатпасы жарияланды. Бұл туралы akorda.kz хабарлады. Қазақстан Президенті 21 мамырда Литваның премьер-министрі Альгирдас Буткявичюсті, сондай-ақ, Люксембург премьер-министрі Ксавье Беттельді қабылдайды. Ал 22 мамырда Нұрсұлтан Назарбаев VIII Астана экономикалық форумының жұмысына қатысады. Форум «Инфрақұрылым: экономиканың орнықты өсімінің драйвері» тақырыбына арналмақ. Іс-шараға 90 елден 3000-ға жуық саяси, сарапшылық және іскерлік топ өкілдерінің қатысуы жоспарланған. Сонымен қатар, форум аясында Мемлекет басшысының бірқатар кездесулер өткізуі көзделіп отыр. Еламан Қоңыр. Дерек, сурет: akorda.kz.
Соңғы жаңалықтар