• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
19 Мамыр, 2015

Өртенген «Адем» сауда орталығының шығыны анықталды

328 рет
көрсетілді

АЛМАТЫ. 19 мамыр. «Адем» сауда орталығының өрттен кейінгі шығыны көлемі 5,3 миллиард теңгеге бағаланды. Журналистермен өткізген баспасөз мәслихатында «Евразия» сақтандыру компаниясы акционерлік қоғамы басқармасының төрағасы Борис Уманов осындай мәлімдеме жасады. Бұл туралы egemen.kz хабарлады. Алайда, ғимараттың өртенген бөлігінің шығын құны маусым айында белгілі болады. Өрт жалыны 25 мың шаршы метрді қамтыған. Бас сақтандырушы анықталған барлық шығын сомасының 900 миллионы өндірістегі үзіліс үшін төленеді, деді. Жалпы соманың жыл бойы берілетінін ескерткен сақтандырушы, оның өзінде де қаражат тек қана ғимарат үшін аударылатынын ескертті. Мұның ішіне ғимаратты жалға алушылардың өртенген тауарлары кірген жоқ. Борис Уманов: «Біздің компанияға осы өрт болардың алдында ғана бірнеше адам келіп, тауарларын сақтандырған. Барлығы – жеті адам, біз соларға тиесілі 10 миллион шығынды жабамыз» деді. Талғат Сүйінбай. Дерек, сурет: egemen.kz.