АСТАНА. 19 мамыр. Ақорда бүгін Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың балық аулаған сәті бейнеленген видеоны жариялады. Бұл туралы Tengrinews.kz хабарлады.
Видеода Нұрсұлтан Назарбаевтың ойықтан орташа көлемді балықты аулап, тысқа шығары жатқаны бейнеленген.
Мемлекет басшысының баспасөз қызметі архивтен Қазақстан Президентінің қатысуымен түсірілген суреттер мен видеоларды осылайша ара-тұра Instagram әлеуметтік желісінің ресми парақшасына жариялап тұрады.
Бүгін @akordapress парақшасында Нұрсұлтан Назарбаевтың камуфуляж бен жылы малақай киіп алып, балық аулап жүрген сәті пайда болды.
Видео сипаттамасында «Президенттің бейне мұрағатынан: Ойықтан балық аулау, 2010 ж.», - деп жазылған. Атап өту керек, жарты сағат ішінде видеоға 1300 лайк жинады. Ал Instagram әлеуметтік желісіндегі @akordapress парақшасына шамамен 57 мың адам жазылған.
Мемлекет басшысының баспасөз қызметі Instagram желісіндегі парақшасында Қазақстан Президенті бейнеленген суреттер мен видеоларды жиі жариялап отырады.
Еске сала кетейік, Президенттің баспасөз қызметі осыған дейін Назарбаевтың көлік жүргізіп келе жатқан суреті мен видеосын жариялаған еді.
https://youtu.be/eQJbFTp8XIo