АСТАНА. 19 мамыр. Қызылорда облысы Қазалы ауданының тумасы, Ұлы Отан соғысында қаза тауып, жат жерге жерленген Нұраддин Бейсеновтің зиратына туған жерінен бір уыс топырақ бұйырды. Бұл туралы egemen.kz хабарлады.
Нұраддин Бейсенов 1941 жылы соғысқа аттанған. Шайқас даласынан оралмаған ол содан бері хабар-ошарсыз кеткен жауынгерлердің қатарынан саналып келді. Арада 70 жыл өткенде ұрпақтары аталары туралы дерекке қол жеткізіп, жауынгердің Бельгияның Генк қаласында жерленгенін анықтады.
Соған орай, туған жерінен бір уыс топырақ аталған зират басына жеткізілді. Ал ол жақтан бір уыс топырақ Қазалыға әкелінді.
Еламан Қоңыр.
Дерек, сурет: egemen.kz.