АЛМАТЫ. 19 мамыр. Аса танымал америкалық бейсджампер әрі шыңға өрмелеп шығушы Дин Поттер мен оның әріптесі Грэм Хант АҚШ-тың Йосмит ұлттық саябағында шыңнан секіру кезінде мерт болды. Бұл туралы Би-би-си хабарлады.
Поттер (43) мен Хант (29) саябақ аумағына жайласқан Тафт Поинт мүйісіндегі биіктігі 2286 метр шыңнан вингсьютпен (қанатты киім үлгісі) төмен құлдилаған. Құтқарушылар екі спортшының мәйітіне қатысты «парашют ашылмаған» деген болжам жасады.
Кейбір ақпарат құралдарының мәліметіне сүйенсек, қанат байлаған екі спортшы биік құздың арасынан ұшып өтпек болған кезде апатқа ұшыраған.
New York Times басылымына 2008 жылы берген сұхбатында Дин Поттер: «Көпшілік мені адам да ұшады ма екен деп жазғырады. Қол жетпеске ұмтылу мен үшін қызық» деген еді.
Шыңға өрмелеуде алдына жан салмайтын әйгілі спортшы Даг Робинсон Би-би-си агенттігіне берген сұхбатында әріптесі туралы: «Поттер бұл спорттың шектеулі шекарасын бұзуға талпынды. Біз оның өліміне қайғырамыз. Бірақ, ешқандай да таңданып отырғанмыз жоқ» деді.
Талғат Сүйінбай.
Дерек, сурет: Би-би-си.