АСТАНА. 20 мамыр. АҚШ конгрессмендері өз жалақыларын өсіруге қарсы дауыс берді. Бұл туралы ТАСС хабарлады.
Конгрессмендердің талқылауына түскен жаңа заң жобасында 2016 жылы биліктің заң шығару саласына 3,3 млрд. доллар бөлінетіні айтылған. Сондай-ақ, құжатта заң шығарушылардың жалақысын бұрынғы күйінде қалдырып, оны өсіру мүмкіндіктері мүлдем қарастырылмайтыны жазылған. Осы мәтіндегі заң жобасын 357 конгрессмен жақтап дауыс берсе, 67-сі қарсы болды.
Конгресс мүшелері осымен қатарынан 7-ші рет өз жалақыларын өсіруден бас тартып отыр. Соған сәйкес, олардың жылдық табысы бұрынғыдай 174 мың доллар көлемінде қала бермек.
Еламан Қоңыр.
Дерек: ТАСС.
Сурет: twitter.com.