• RUB:
    5.05
  • USD:
    522.91
  • EUR:
    548.85
Басты сайтқа өту
26 Тамыз, 2015

Нарыным – қазағымның бір бөлшегі

422 рет
көрсетілді

Әлеммен араласып емен-жарқын, Мінеки, шаққа жеттік жұрт танитын. Қол жеткен тәуелсіздік арқасында, Халқымыз еске алуда түп тарихын.   Тарихтан Нарында да қалған із бар, Мекені аруақты ер, батыр қыздар. Ақжүніс, күйші Дина, Мәншүк, Хиуаз, Көгімде жарқыраған шам жұлдыздар.   Өткенді айта берсем, ол бір дастан, Ер Тарғын келген жаумен жағаласқан. Еліме білім нәрін себемін деп, Хан Жәңгір Ордада алғаш мектеп ашқан.   Жерімді қоймаймын деп беріп қолдан, Исатай, Махамбеттер атқа қонған. Дауылпаз күйін төгіп Құрманғазы, Сол кезден тәуелсіздік болған арман.   Тар кезде бастаймын деп елді өксітпей, Ер шыққан Сейітқали Мендешевтей. Тайыр, Қайрат, Фариза – халық үні Ғалым Асан Тайманов ол – бірегей.   Көтерген Жәңгір туын – білім туын, Ағам Мырзаш түседі еске бүгін. Жәнібекте талай жастың оқуына, Жол ашқан саясаттан тауып жігін.   Нарыным – қазағымның бір бөлшегі, Ел болдық бүгін міне, біз еңселі. Тарихын зерделеген Қазақстан, Болашақ бигінен көрем сені.   Хайролла ИСМАҒҰЛОВ, кәсіпкер.  Батыс Қазақстан облысы.