• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
20 Мамыр, 2015

Жамбыл құқық қорғаушылары арасында волейболдан турнир өтті

292 рет
көрсетілді

ТАРАЗ. 20 мамыр. Жамбыл облысы ішкі істер департаменті және ішкі істер органдары ардагерлерлер кеңесінің ұйымдастыруымен полиция генерал-майоры Ф.Қыпшақбаевты еске алуға арналған облыстың құқық қорғау және ішкі істер органдары арасында волейболдан турнир өткізілді. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады. Турнирге Жамбыл облысы құқық қорғау және ішкі істер органдары қызметкерлерінен құралған 17 команда қатысты. Жарыс қорытындысы бойынша жүлделі бірінші орынды – Жамбыл облысы ҰҚК департаменті командасы, екінші орынды – ІІД ЖҚАЖ командасы, ал Жамбыл станциясының желілік ішкі істер бөлімінің командасы үшінші орынға табан тіреді. Атап өтетін болсақ, ең тартысты ойын болып финалдағы ұлттық қауіпсіздік департаменті құрамасы мен ішкі істер департаментінің жылдам қимылдайтын арнайы жасақ құрамаларының ойыны болды. Нәтижесі бойынша Ұлттық қауіпсіздік департаментінің құрамасы 2:1 есебімен басым түсті. Жүлделі орынды иеленген командалар ішкі істер департаменті мен ардагерлер кеңесінің дипломдарымен, медальдарымен, кубоктармен және милиция генерал-майоры Ф.Қыпшақбаевтың туыстарының атынан бағалы сыйлықтармен марапатталды. Оралхан Дәуіт. Дерек, сурет: egemen.kz.