• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
02 Сәуір, 2015

Әріптестік әлеуеті жоғары

271 рет
көрсетілді

Парламент Сенаты Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрағасы Икрам Адырбеков Литваның Қазақстандағы Төтенше және өкілетті елшісі Витаутас Наудужасты оның өтініші бойынша қабылдады. Кездесуде Қазақстан-Литва ынтымақтастығының мәселелері, оның ішінде Литва Премьер-министрі Альгирдас Буткявичюстің 2015 жылғы мамырда жасайтын Қазақстанға сапарына әзірлік барысы талқыланды. Сенатор екіжақты қатынастарға жаңа серпін беретін және Қазақстан мен Литваның құқықтық келісім базасын ұлғайтатын осы сапардың  маңызын атап өтті. Қазақстан мен Литва арасындағы тауар айналымының қарқынды өсуіне назар аудара отырып, елші сауда-экономикалық қатынастарды одан әрі дамытудың зор әлеуетін атап өтті. Ол үшін екі тиімді құрал – Сауда-экономикалық және ғылыми-техникалық ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық комиссия мен Ынтымақтастық жөніндегі іскерлер кеңесі құрылған болатын, деп хабарлады Парламент Сенатының баспасөз қызметі.