Асыл ана, арулар армысыңдар!
Алғысым бар ақжарма алдарыңда,
Отырған мәжілістің залдарында!
Бармысыңдар, бәйшешек – батыр қыздар!
Нармысыңдар жүк қалмас жолдарыңда?!
Жолдарында өмірдің бастауында,
Сыңғырлайсың көңілдің шашбауында!
Жалдарына толқындар ұя салдың,
Заңғарында сенімнің жас қауымға!
Жолдарында жүк қалмас нармысыңдар?!
Батыр қыздар – бәйшешек, бармысыңдар!
Ақ жаулықты, ардақты аналарым,
Алдарыңда ақжарма алғысым бар!
Алғысым бар – гүл болып ашылады
Шашуым бар – жыр болып шашылады
Бар болыңдар бәрінде сау-саламат!
Аққу келбет арулар, асыл Ана!
Төрегелді ТҰЯҚБАЙ.