• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
27 Тамыз, 2015

Иордания Королімен кездесті

340 рет
көрсетілді

Таяуда Амман қаласында Иордания Королі Абдалла II бен аль-Хусейн Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің арнайы өкілі, Елші Бағдат Әміреевті қабылдады. Кездесу барысында қазақстандық дипломат Абдалла II-ге Қазақстан  Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың жолдауын табыс етіп, иордандық монархты Қазақстанның халықаралық ұйымдар шеңберіндегі қызметімен және еліміздің Таяу Шығыс мемлекеттерімен қарым-қатынастарын дамытуымен таныстырды. Иордания Королі өз елінің Қазақ­станның сыртқы саяси қызметін, екі елдің халықаралық ұйымдар шең­беріндегі ынтымақтастығын, сондай-ақ, Астана­ның халықаралық және аймақтық қауіпсіздікті нығайтуға бұдан да үлкен үлес қосатынын қолдайтыны туралы айтып жеткізді. Абдалла II Иорданияның екіжақты қарым-қатынастарды дамытуға үлкен мән беретінін атап өтіп, Елбасы Н.Ә. Назар­баевқа және достас Қазақстан халқына өзінің игі тілектерін жеткізуді сұрады. Сұхбат барысында, сонымен қатар, халықаралық күн тәртібінің өзекті мәселелері бойынша пікір алмасылды. «Егемен-ақпарат».
Соңғы жаңалықтар