АТЫРАУ. 21 мамыр. Атырау облысының тұрғыны үй жанындағы топырақ арасынан 2 снаряд тауып алды. Бұл туралы облыстық ішкі департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.
Атырау қаласына таяу орналасқан Дамба-2 елді мекенінің 30 жастағы тұрғыны бір ай бұрын тұрғын үй құрылысын жүргізу үшін «КамАЗ» көлігінің жүргізушісінен топырақ сатып алған. Ал мамыр күні сол топырақты құрылыс жұмыстарына пайдалануды бастаған. Топырақ арасынан 2 снарядты тауып алып, құқық қорғау органдарына хабарлаған.
«Оқиға орнына полиция және ішкі істер департаментінің «Арлан» арнайы жасағы мен «Батыс» аймақтық қолбасшылығының әскери бөлім қызметкерлері келді. Снаряд табылған жер қоршалып, олар әскери полигонда залалсыздандырылды. Мамандардың айтуынша, 122-калибрлі, зарядтық жарылғышы жоқ, таттанған екі снаряд соғыс кезінен сақталып қалған», – дейді облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз хатшысы Гүлнәзира Мұхтарова.
Жолдасбек Шөпеғұл.
Дерек: Атырау облыстық ішкі департаментінің баспасөз қызметі.
Сурет: mk.ua.