• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
27 Тамыз, 2015

Тәжікстанға көмек көрсетіледі

334 рет
көрсетілді

Кеше Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Бақытжан Сағынтаев Халықаралық гуманитарлық көмек мәселелері жөніндегі комиссияның отырысын өткізді, деп хабарлады Премьер-Министрдің баспасөз қызметі. Тәжікстандағы сел мен су тас­қынынан зардап шеккен халықтың басындағы ахуалды назарға ала отырып, комиссия Қазақстан Үкі­метіне ол елге ресми түрде гума­нитарлық көмек көрсету жөнінде кеңес берді. Тәжікстанның зардап шеккен аудандарына ет және сүт консервілері, өсімдік және сары май, қант, күріш, металл прокаты мен шифер жеткізілетін болады. Ауа температурасының күрт көтерілуіне байланысты Тәжі­кстанның көптеген таулы өңір­лерінде мұздақтардың еруі күшейіп, нөсер жауындар со­ңы сел мен су тасқынына апарып соқтырды. Пяндж, Вахш, Зеравшан, Кафирниган, Исфара және Исфана өзендері бассейн­дерінің бойында осындай күрделі жағдай қалыптасып отыр.