АСТАНА. 27 тамыз. 16 – 22 тамыз күндері халық арасында бұқаралық спортты дамыту мен насихаттау мақсатында Шу – Тараз – Шымкент – Кызылорда – Жезказған - Ұлытау бағытында Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған жеңіл атлетикадан марафон жүгіріс ұйымдастырылды. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады.
Аталған марафон «Алматы марафоншылар клубының» спортшыларының қатысуымен ұйымдастырылды. Марафоншылар Керей мен Жәнібек хандардың Ту тіккен жері деген тарихи деректерге сүйене отырып, спорттық шараны Шу ауданынан бастады. Марафоншылар Төле би ауылының орталық алаңынан бастап, эстафеталық жүгіру тәсілімен Тараз, Шымкент, Түркістан, Қызылорда және Жезқазған қалалары арқылы 22 тамызда Ұлытау кентіне жүгіру шарасы арқылы жетеді.
Шымкент қаласы әкімдігі мен қалалық дене шынықтыру және спорт бөлімі, бөлімге бағынысты спорт мекемелерінің спортшылары марафоншыларды Қазақ хандығының 550 жылдығына арнап қойылған монумент қасында күтіп алып, қаланың тарихи жерлерімен таныстырды.
«Мәңгілік ел» идеясы аясында Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған Қазақ хандығы ту тіккен өлке, бірлігі мен ынтымағы жарасқан шуақты Шу жерінен бастау алған жеңіл атлетикадан өткізілген марафонның басталу салтанатына, аудандық мәслихат депутаттары, аудан әкімдігінің бөлім басшылары, үкіметтік емес ұйымдар, аудандағы білім беру мекемелері, басқа да мекеме қызметкерлері және аудан жастары, сонымен қатар құрметті қонақтар марафоншылармен бірге Оңтүстік Қазақстан облыс шекарасы басынан Түлкібас ауданының 60-қа жуық спортшылары бірлесіп жүгіруді бастады. Жүгіру барысында Ережеге сәйкес, жол патрульдық экипажы, медициналық жедел жәрдем бригадасы мен безендірілген микроавтобус бірге жүріп отырды. Сол күні кешкі сағат 18.30-да Шымкент қаласы әкімдігі мен қалалық дене шынықтыру және спорт бөлімі, бөлімге бағынысты спорт мекемелерінің спортшылары марафоншыларды Қазақ хандығының 550 жылдығына арнап қойылған монумент қасында күтіп алып, қаланың тарихи жерлерімен таныстырды. 18 тамыз күні таңғы сағат 9.00-де Шымкент қаласының «Наурыз» алаңында іс-шараға қатысушы марафоншылармен қала тұрғындарының кездесуі өтті. Жиында облыс әкімінің орынбасары С.Қаныбеков марафон жүгірушілерге мерекелік құттықтауын жеткізіп, жүгіру директоры және команда капитанына облыс тұрғындары атынан сыйлық табыстап, жарысқа қатысушыларға сәтті сапар тіледі. Марафон жүгірушілермен бірге қаланың 100-ден астам спортшылары бірге жүгірді. Сол күні, түскі уақытта Ордабасы ауданы әкімдігі мен дене шынықтыру және спорт бөлімі жарысқа қатысушыларды аудан спортшыларымен бірлесе күтіп алып, Қажымұқан Мұңайтпасов мұражайымен таныстырды. Ордабасы ауданы, Темірлан елді мекенінен түскі астансоң марафоншылар жүгіру жолын Түркістанға қарай бастады. Марафон жүгірушілер Түркістан қаласының спортшыларымен бірге Қ.А.Ясауи кесенесіне дейін жүгіріп, сол жерде қонақтарды қала әкімдігі, дене шынықтыру және спорт бөлімі, спорт саласының мамандары сағат 19.00-де күтіп алып, Түркістанның тарихи жерлерін көрсетіп, таныстырды. Таңертен, яғни 19 тамыз күні жүгіру спортшыларымыз Қызылорда облысының шекарасына қарай марафоншылар жүгіруді бастады. 2015 жылы 19 тамыз сағат 11.30-да марафон жүгіру спортшыларды Қызылорда облысының шекарасында облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасы, Жаңақорған ауданы әкімдігі мен спорт жанкүйерлері, күтіп алды. Қызылорда облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы Қазақ хандығының құрылғанына 550 жыл толуына орай 2015 жылғы 16-22 тамыз аралығында ұйымдастырылған «Шу-Ұлытау» бағытындағы марафонын 19 тамыз күні Қызылорда облысының аумағынан арнайы дәрігерлік және жол-потрульдік полиция қызметкерлерімен күтіп алып, Қызылорда қаласында спорттық шара ұйымдастырды. Сонымен қатар, спорттық шарада облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы С. Мұстафаев пен «Өркениет - Қызылорда» қоғамдық қорының төрағасы Н. Жалиевтер марафоншыларға сәттілік тілей отырып 20 тамыз күні марафон кестесіне сәйкес Қарағанды облысының аумағына жеткізгендігін хабарлайды. Дастан Кенжалин. Дерек, сурет: egemen.kz