• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
21 Мамыр, 2015

Атамбаев Қырғызстанның ЕАЭО-ға қосылуы жөніндегі заңға қол қойды

253 рет
көрсетілді

АСТАНА. 21 мамыр. Қырғызстан президенті Алмазбек Атамбаев республиканың Еуразиялық экономикалық одаққа қосылуы жөніндегі халықаралық келісімдерді бекіту туралы заңға қол қойды. Бір күн бұрын аталған заң жобасын Қырғызстан парламенті мақұлдаған. Бұл туралы РИА «Новости» хабарлады. Құжат Одаққа кіру шарттары бекітіліп, келісімшарт пен екі хаттаманың күшіне ену тәртібі көрсетілген негізгі бөлімнен тұрады. Ал экономикалық одаққа Қырғызстан іс жүзінде ЕАЭО-ға мүше барлық елдердің ішкі бекіту рәсімдері аяқталғаннан кейін кіретін болады. Қырғызстан экономикалық одаққа қосылу жөніндегі келісімшартқа өткен жылы желтоқсан айында қол қойған болатын. 8 мамырда ЕАЭО елдерінің басшылары келісімшартқа негізделген хаттамаларға қол қойды. Естеріңізге сала кетейік, сәуір айында Ресей Мемлекеттік думасының төрағасы Сергей Нарышкин Еуразиялық экономикалық одақпен еркін сауда аймағын құруға 40-қа жуық елдің қызығушылық білдіріп отырғанын мәлімдеді. Айдар Өрісбаев. Дерек, сурет: ria.ru.  
Соңғы жаңалықтар