• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
21 Мамыр, 2015

Петропавлда 9 айлық сәби өлімнен құтқарылды

295 рет
көрсетілді

ПЕТРОПАВЛ. 21 мамыр.  Төтенше жағдайлар жөніндегі департамент, өрт сөндіру, суда құтқару мекемелерінің қызметкерлері донорлық қан тапсырып, 9 айлық сәбидің өміріне араша тұрды. Бұл туралы облыстық «Солтүстік Қазақстан» газеті хабарлады. Облыстық төтенше жағдайлар жөніндегі департаменттің бөлім бастығы Еркен Жұматаев осы салада 16 жылдан бері жұмыс істеп келеді.  Талай адамды ажал аузынан құтқарған оның отбасы аяқ астынан қиындыққа тап болды. Жұматаевтардың 9 айлық ұлының қан құрамындағы гемоглобиннің күрт төмендеп кетуі салдарынан өміріне үлкен қатер төнді. Оның алдында 6 айлығында туған сәбидідің өмірі үшін   дәрігерлер үш апта күресіп, бетін әрең қаратқан еді. Аланның денсаулығын түзеу үшін 10-15 адамның қаны жететін еді.  Алайда, Еркеннің әріптестері дереу қамқор қолын созып, бір күннің ішінде 56 адам донор кезегінде тұрды. Сол күні нәрестеге қан құйылды. Осылайша отбасымен аман-есен қауышты. «Орталыққа тапсырылған донорлық қан әлі талай адамның өмірін сақтап қаларына шүбә жоқ. Осындай қысылтаяң сәтте көмекке жанұшыра ұмтылған жолдасымның әріптестеріне дән ризамын», дейді 9 айлық сәбидің анасы Гүлмира.  Өмір Есқали. Дерек: облыстық «Солтүстік Қазақстан» газеті. Сурет: egemen.kz