• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
27 Тамыз, 2015

Қызылордада Конституцияның 20 жылдығы аталып өтті

278 рет
көрсетілді

ҚЫЗЫЛОРДА. 27 тамыз. Қызылордада «Конституция – ұлы істер жаршысы» атты мерекелік салтанатты шара өтті. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады. «20 жылдың ішінде біздің Ата Заңымыз тәуелсіз еліміздің тез есейіп, бұғанасы қатпаған балаң күйден өз жолы бар, берекелі ел дәрежесіне дейін жедел жетілуіне жағдай жасады. Өйткені Негізгі Заң дүниежүзінің ең озық заңнамалық тәжірибесін қорытып, еліміздің ұзақ мерзімді мақсаттарын ескере отырып жасақталды. Ең бастысы, Ата Заң далалық дәстүр мен халқымыздың ежелгі өркениетінің шеберханасында шыңдалып, бір кездегі билер институты, Жеті Жарғы секілді ұлттық дәстүр мен әдеттің рухын бойына сіңірді. Сондықтан да, Қазақстан Конституциясы әлемнің тәжірибесі және төл мәдениетіміз бен әдебімізге арқа сүйейтін заман талабына сай құжат екенін ешкім жоққа шығара алмайды», – деді құттықтау сөзінде облыс әкімі Қырымбек Көшербаев. Салтанатты шарада облыстың дамуына айрықша үлес қосып жүрген азаматтар «Қазақстан Конституциясына 20 жыл» мерекелік медальдарымен марапатталды. Ержан Байтілес. Дерек, сурет: egemen.kz.