• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
21 Мамыр, 2015

Жыл басынан бері елімізде 73 жасөспірім өз-өздеріне қол салған

372 рет
көрсетілді

АСТАНА. 21 мамыр. Жыл басынан бері елімізде 73 жасөспірім өз-өздеріне қол салған. Бұл жөнінде Бас прокуратураның құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетіне сілтеме жасап, zakon.kz хабарлады. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру бірыңғай тізілімінің ақпараттық жүйесі таратқан деректерге сүйенсек, 2015 жыл басталғалы бері Қазақстанда 1 126 тұрғын өз-өздерін өлтірген. Олардың арасында 73-і кәмелеттік жасқа толмаған жеткіншек. Комитет ұсынған есепте 2013 жылы жасөспірімдер арасында 292 өз-өзіне қол жұмсау дерегі тіркелгені айтылған. Былтыр бұл сан 192-ге кеміген. Бұл өткен жылы балалар арасында өз-өздеріне қол салу оқиғаларының азайғанын көрсетеді. Ал биылғы 1 қаңтар мен 18 мамырға дейінгі (4 ай 18 күн ішінде) уақыт аралығында 73 жеткіншектің өлімі тіркеліп отыр. Аталған ақпараттық жүйе келтірген деректер бойынша, елімізде 18 мамырға дейін 1 126 суицид жасалса, өткен жылғы осы мерзімде 991 өз-өзін өлтіру оқиғасы тіркелген. Яғни, 2014 жылмен салыстырғанда биыл бұл дерттің өрши түскені анық байқалады. Былтыр елімізде 2 957 адам өздеріне қол салған болса, 2013 жылы – 3 251, ал 2012 жылы – 3 055 суицид дерегі тіркелген. Статистика бойынша 35 пен 44 жас аралығындағы ер азаматтар суицидке жиі барады. Еламан Қоңыр. Дерек, сурет: zakon.kz.