АСТАНА. 21 мамыр. Астанада өтіп жатқан Астана экономикалық форумында Премьер-Министр Кәрім Мәсімов Орталық Азиядағы барлық шетелдік инвестицияның төрттен үшін Қазақстан тартып жатқанын айтты. Бұл туралы «ҚазАқпарат» хабарлады.
«Қазақстан бизнес үшін ашық және оны жүргізу бойынша еліміз Орталық Азияда ең үздік. Сол үшін Қазақстанда инвестициялар басым сипатқа ие. Тәуелсіздік жылдарында біз дамудың қуатты тұғырнамасын құрдық. Соңғы 10 жылда Қазақстанның экономикалық өсімі екі есеге артты», – деді Үкімет басшысы.
Сондай-ақ, Кәрім Мәсімов бүгінде Қазақстан экономикасы зерделенген инвестициялық саясаттың арқасында әртараптандырыла түскенін назарға алды.
«Біз Орталық Азияға миллиардтаған долларды тартудамыз. Өңірдегі барлық шетелдік инвестицияның төрттен үш бөлігі Қазақстанның еншісінде. Сонымен қатар, инвестициялық үрдіс қарқын алып келеді. Нәтижесінде бәсекелестік артып, экономикамыздың оңтайлылығы жемісті болуда», – деді Премьер-Министр.
Еламан Қоңыр.
Дерек: «ҚазАқпарат».
Сурет: egemen.kz.