• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
27 Тамыз, 2015

Қызылордалықтар қаруларын тапсырып жатыр

308 рет
көрсетілді

ҚЫЗЫЛОРДА. 27 тамыз. Травматикалық қаруды ерікті түрде өтемді тапсыру шығындарын қаржыландыру үшін республикалық бюджеттен Қызылорда облысына 12 286 000 теңге бөлінген. Акция басталған уақыттан бері тұрғындардан әр түрлі үлгідегі 306 дана қару тапсырылды. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады. Тұрғындардан алынған атыс қаруларына тиісті сараптамалар тағайындалып, қабылданған тапаншалардың 273 данасына комиссия қорытындысымен шешім қабылданып, 239 тұлғаға тиісті қаражат төленді. Осыған сәйкес, қаруларын ерікті түрде өткізбеген азаматтарға ескерте кетерлік жайт, 2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап жарақат салатын патрондармен ату мүмкіндігі бар ұңғысыз атыс қаруын, сол сияқты оның патрондарын заңсыз иемдену, беру, өткізу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру Қылмыстық кодекстің 287-бабының 2-бөлігімен 2 мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде (3 964 000 теңге) айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не бір жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады. Ержан Байтілес. Дерек: egemen.kz. Сурет: radiotochka.kz.