• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
21 Мамыр, 2015

«Қостанай облысының құрметті азаматы» атағы берілді

600 рет
көрсетілді

ҚОСТАНАЙ. 21 мамыр. «Қостанай облысының құрметті азаматы» атағына ие адамдардың есімі жазылатын кітап тағы да төрт есіммен толықты.  Ол облыстық мәслихаттың  кезекті сессиясында бекітілді. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады. Халық қалаулылары «Қостанай облысының құрметті азаматы» атағын Сәбит Досановқа, Шәңгерей Жәнібеков, Кенжебек Укин мен Сергей Харченкоға беруді бір ауыздан мақұлдады. Шәңгерей Жәнібеков пен Кенжебек Укин әр жылдары Қостанай облысында басшылық қызметте болды. Ал белгілі жазушы Сәбит Досанов – Қостанай облысының тумасы, Сергей Харченко – облыстық-аймақтық «Костанайские новости» газетін 30 жылға жуық басқарып отырған редактор және ғалым. Әлеуметтік-саяси ғылымдардың докторы. Нәзира Жәрімбетова. Дерек, сурет: egemen.kz