ҚОСТАНАЙ. 21 мамыр. Облыс орталығындағы Қазақ-түрік лицейінде оқушылардың астан тағы жаппай улануы орын алды. Бұл туралы egemen.kz хабарлады.
Астан уланудан тоғыз оқушы зардап шеккен, олардың жетеуі Қостанай қалалық ауруханасына, 2 оқушы қалалық балалар ауруханасына түскен. Анық болғанындай, жоғары және төменгі сыныптардың оқушылары жеңіл дәрежеде ұшынған.
Облыс әкімдігі аппаратының кеңейтілген мәжілісінде облыс әкімі Нұралы Сәдуақасов облыстық білім басқармасының басшысы Әлия Төртқараеваға балалардың улану себебін үш күннің ішінде анықтауды тапсырды. Төртқараеваның мәліметінше, Қазақ-түрік лицейіне жылдың басында ыдысдар мен асхана жабдығын жаңарту үшін қаржы бөлінген.
Еске сала кетсек, былтырдан бері жыл тәулігі көлемінде Қостанай облысында балалардың үш рет жаппай улануы орын алды. Ұзынкөл ауданындағы мектепте 54 бала, Қазақ-түрік лицейінде 37 бала ауруханаға әр түрлі дәрежедегі жағдайда түскен болатын. Өткен жылы Қазақ-түрік лицейіндегі улануға аспаздардан табылған стафилакокк себеп болған.
Нәзира Жәрімбетова.
Дерек, сурет: egemen.kz