• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
04 Шілде, 2015

Ұлттық комиссиялар –ұтымды қозғаушы күш

239 рет
көрсетілді

Жаңғырту жөніндегі ұлттық комиссия қызметінің алдын ала қорытындыларына арналған кеңес өтті, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі. Кеңесте 5 институттық реформаны жүзеге асырудың негізгі бағыттары қаралды. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев тиісті заң жобаларын Пар­ла­мент­тің күзгі сессиясы бастал­ғанға дейін қарауға енгізу үшін жан-жақты пысықтаудың маңыз­дылығын атап өтті. Мемлекеттік аппарат рефор­масының басты нәтижесі оның жұ­мыс тиімділігін арттыру, кадр сая­сатында меритократия тетік­терін енгізу болуға тиіс. Мемлекет басшысы сыбай­лас жемқорлықтың алдын алу­ға ықпал ететін ілкімді фактор ретінде мемлекеттік қызмет­ші­лердің моральдық бет-бейнесі мен этикасына айрықша көңіл бөл­ген жөн екенін айтты. Соны­мен қатар, сот жүйесінің инс­танцияларын оңтайландыру, судьялар корпусына үміткерлерге қойылатын талапты қатайту, алқа билер сотын қолдану саласының ая­сын кеңейту жөніндегі шаралар талқыланды. Мемлекет басшы­сы әлемдік тәжірибені дәйек­ті түрде зерделеуді және Аста­нада халықаралық арбитраж орта­лығын құру үшін қажетті шаралар кешенін әзірлеуді тапсырды. Ұлттық комиссия, сондай-ақ, республикада инвестициялық тар­тымдылықты арттыру мен заң үс­темдігін қамтамасыз ету арқы­лы қолайлы бизнес ахуалын қалып­тастыру мәселелерін де талқы­лады. Қазақстан Президенті мем­ле­кеттің табысты дамуына са­раланған және тиімді эконо­ми­ка­лық саясат негіз болатынына назар аударды.  Елде экономикалық өсімді қамтамасыз ету үшін бірқатар ауқымды шаралар жүзеге асырылып жатқаны атап өтілді. Атап айтқанда, негізгі мемлекеттік бағ­дарламалар – ин­дустриялық-инно­вациялық даму және «Нұрлы Жол» ел азамат­тарының әл-ауқа­тын арттыруға және тұрмыс жағ­­дайларын жақ­сартуға ба­ғытталған. Нұрсұлтан Назарбаев салық, тариф, инвестиция салаларында жасалып жатқан қадамдарға жан-жақты қолдау көрсету қажет­тігін, бұл олардың даму бағы­тын түбегейлі өзгертуі тиісті­гін айтты. Мемлекет басшысы экономиканың орнықты өсуі­нің негізгі көзі болып табылатын шағын және орта бизнеске қажет­ті жағдай жасау мәселесіне айрық­ша көңіл аударды. Қазақстан Президенті бола­шағы біртұтас ұлт қалыптастыру аясында халқымыздың дәстүрлі құндылықтарын ілгерілетуге айрықша орын берілетінін айтты. Сонымен қатар, елді халықаралық қоғамдастыққа таныту жұ­­мыс­­тарын одан әрі жалғастыру да маң­ызды. Мемлекет басшысы Қа­зақстанның зор туристік әлеуе­­тін жүзеге асырудың, тиісті инфра­құ­рылымдар жасаудың, сапалы жобалар әзірлеудің маңыз­дылығын атап өтті. Транспарентті және есеп беруші мемлекет құру негізгі ре­формалардың бірі болып саналады. Қазақстан Президенті мемлекеттік биліктің ашықтығын қамтамасыз ету, оның халықпен өзара іс-қимыл қағидаттарын азамат­тардың мұқтаждықтарын қанағат­тандыру мәселесіне мей­лінше кәсіби тұрғыдан қарауды қамтамасыз ету үшін қайта қалыптау қажеттілігін айтты. Қазақстан Президенті 5 реформа және Ұлт жоспары «100 нақты қадамды» жүзеге асыру жөніндегі барлық жұмыс оны бұқа­ралық ақпарат құралдарында тұрақ­ты түрде түсіндіру және жария­лап-көрсету ісімен қатар жүруі тиістігін атап көрсетті. Нұрсұлтан Назар­баев атап өткендей, рефор­ма­лар әрбір азаматты қамти­тын­дықтан, жұрт елдің қандай ба­ғытта дамып жатқанын білуі және оған белсене қатысуы тиіс. Сонымен қатар, Мемлекет басшысы сарапшылық қоғамдастық, азаматтық институттар қазірдің өзінде талқылаулар мен пікір­та­ластар арқылы Ұлт жоспарын жү­зеге асыру мәселесіне сындарлы ұсынымдар мен ұсыныстар енгізуі тиіс. Президенттің пікірінше, мұн­дай жұмысты орталықта ғана емес, өңірлерде де жүргізген жөн. Кеңес барысында жұмыс топтарының мүшелері Ұлттық комиссияның қазіргі қызметі туралы баяндама жасады. Мемлекет басшысы кеңес қорытындысы бойынша бірқатар нақты тапсырма берді.