• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
04 Шілде, 2015

Жүк бетінде – тамақ, астында – арақ...

285 рет
көрсетілді

Адамнан қулық артылған ба? Өткен аптада Қордай ауданындағы «Отар» кеден бекетінде «КамАЗ» көлігі тоқтатылып, құжаттарын тексергенде онда тиелген жүк – макарон, өсімдік майы деп көр­сетілген екен. Алайда, тексере келгенде көліктен жалпы сал­мағы 20-30 тоннаны құрайтын цистерналар табылды. Қырғыз елінен әкеле жатқан бұл ыдыстарға алкогольді өнімдер құйылған. Ал, «Ауқатты» бекетінде тоқтатыл­ған «Лада-21705» көлігіне тиел­ген жүктің құжа­­­­тына басқа дүние­лер жазылған да, тексере кел­­генде суық қаруға ұқсайтын зат табыл­ған. Сондай-ақ, маусым айының соңғы күнде­рінде «Қордай», «Отар» бекеттерінен өтпек болған «Мазда МVP» және «Volvo Fh 12» кө­лік­терінің иелері халық тұты­натын тауар­ларды, арақ өнімдерін заңсыз алып өтпекке тәуекел етіпті. Бұлар да жалған құжат жасаған. «Volvo 380» жүк көлігінің жүргізушісі Т.Бегметов «Айша бибі» кеден бекеті арқылы 24 дана пластмасса бөшкелерді жасырып алып өтпек болған кезде ұсталды. Әр бөшкеге 1000 литр спирт құйылған. Ал, дәл осы күндері «Отар» кеден бекетінде жүк артқан «Мерседес спринтер» көлігі жол қызметкерлерінің: «Тоқта!» деген бұйрығын елеместен қашып кеткен. – Маусым айының басында Қаржы ми­нистрлігі мемлекеттік Кіріс­тер комитеті импорт­­талған тауар­­лар бойынша салықтар мен кеден­­дік төлемдерді төлеуді әкім­шілік­­тен­діруді күшей­ту­ мақсатында бақы­­лау-про­фи­лак­тикалық іс-шаралар жоспа­рын әзір­леген. Осыған сәйкес, Жамбыл облысы бойын­­ша мем­лекеттік кірістер департа­мен­ті­­нің іс-шара­лар жоспары бекітілді. Міне, бұл іс-жос­­парлар алғашқы күннен-ақ өз нә­тиже­сін беруде, дейді бұл жөнінде Жамбыл об­лы­сы бойынша мемлекеттік кірістер де­пар­­тамен­тінің басқарма басшысы Әділбек Әлішев. Оралхан ДӘУІТ, «Егемен Қазақстан». Жамбыл облысы.