• RUB:
    5.05
  • USD:
    522.91
  • EUR:
    548.85
Басты сайтқа өту
28 Тамыз, 2015

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ресми хабары

391 рет
көрсетілді

Алматы 2015 жылғы 28 тамыз Ескерткіш монеталарды айналысқа  шығару туралы «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» 1995 жыл­ғы 30 наурыздағы Қазақстан Респуб­ликасының № 2155 Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі 2015 жылғы 28 тамызда номиналдық құны 50 теңгелік, нейзильбер қоспасынан «Қазақстанның қалалары» монеталар сериясынан «Астана», «Алматы», «Көкшетау», «Шымкент» ескерткіш монеталарын айналысқа шығарады. Ескерткіш монеталардың бет жақтарындағы (аверсіндегі) бейне­лері бірдей. «Астана», «Алматы», «Көкше­тау», «Шымкент» ескерткіш моне­та­ларының бет жағының сипаттамасы: Монеталардың бет жағында (аверсінде) орталық бөлігінде монетаның номиналын білдіретін «50 ТЕҢГЕ» деген жазу бар. Жоғарғы бөлігінде ою-өрнекті сегіз бұрышты розетка, төменгі бөлігінде – ұлттық ою-өрнек элементі. Номиналдың оң жағында «ҚҰБ» деген аббревиатура орналасқан. Айналдыра шығыңқы жиек. «Астана» ескерткіш моне­та­сы­ның сырт жағы­ның сипаттамасы: Монетаның сырт жағында (ревер­сінде) орталық бөлігінде Астана қаласының гербі бейнеленген. Ай­налдыра мемлекеттік тілде «ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ» деген жазу, монетаның соғылған жылын білдіретін «2015» деген сан және шығыңқы жиек жүргізілген. Жазу мен сан нүктелермен бөлінген. «Алматы» ескерткіш моне­та­сының сырт жағы­ның сипаттамасы: Монетаның сырт жағында (ревер­сінде) орталық бөлігінде Алматы қаласының гербі бейнеленген. Айналдыра мемлекеттік тілде «ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ» деген жазу, монетаның соғылған жылын білдіретін «2015» деген сан және шығыңқы жиек жүргізілген. Жазу мен сан нүктелермен бөлінген. «Көкшетау» ескерткіш моне­тасының сырт жағының сипаттамасы: Монетаның сырт жағында (ревер­сінде) орталық бөлігінде Көкшетау қаласының гербі бейнеленген. Айналдыра мемлекеттік тілде «ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ» деген жазу, монетаның соғылған жылын білдіретін «2015» деген сан және шығыңқы жиек жүргізілген. Жазу мен сан нүктелермен бөлінген. «Шымкент» ескерткіш моне­тасының сырт жағының сипаттамасы: Монетаның сырт жағында (ревер­сінде) орталық бөлігінде Шымкент қаласының гербі бейнеленген. Айнал­дыра мемлекеттік тілде «ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ» деген жазу, монетаның соғыл­ған жылын білдіретін «2015» деген сан және шы­ғыңқы жиек жүргізілген. Жазу мен сан нүктелермен бөлінген. Монеталардың бет жағындағы және сырт жағын­дағы бейнелер мен жазулар бедерленген. Қыры (гурты) бедерлі. Монеталар «нейзильбер» қоспа­сынан жасалған, диаметрі – 23 мм, массасы – 4,71 грамм, әрбіреуінің таралымы – 50 мың дана. Ескерткіш монеталар Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында көрсетілген құнымен төлемнің барлық түрлері бойынша, сондай-ақ шоттарға, салымдарға, аккредитивтерге есептеу үшін және аударым жасау үшін қабылдануға міндетті, Қазақстан Республикасының барлық банктерінде шектеусіз ұсақталады және айырбасталады. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің осы ресми хабарға түсіндірмесі Ескерткіш монеталарды «Қазақ­стан Республикасы Ұлттық Бан­кінің Қазақстан теңге сарайы» шаруа­­шылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіп­орны дайындаған. Монеталардың дизайны Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 25 қыркүйектегі № 1193 Жарлығымен бекітілген Қазақстан теңгесі – ұлттық валюта банкноттары мен монеталары дизайнының тұжы­рым­дамасына сәйкес әзірленген. Әрбір атаудағы монеталардың бір мың данасы жақсартылған сапамен дайындалды және арнайы пластикалық термовакуумды ораумен сатуға арнап шығарылды. «Астана» монетасы екі мың дана санмен «Қазақстанның қалалары» сериясының монеталарына арналған альбом түріндегі орауға оралған. Монеталарды Қазақстан Респуб­ликасы Ұлттық Банкінің барлық филиалдарында сатып алуға болады. Алматы қаласында мына мекенжай бойынша сатып алуға болады: Панфилов көшесі, 98. Анықтама үшін телефоны: (727) 273-83-98.