2015 жылғы облыстық «Мерейлі отбасы» ұлттық байқауында көкшетаулық Кәкпеновтер отбасы 1-орын – Гран-приді жеңіп алды. Отағасы Жазит Кәкпенов ұзақ жылдар оқу-ағарту саласында қызмет атқарып, облыстың 3 мектебінде директор болды. Зайыбы Қарашаш Кәкпенова 30 жыл кітапхана саласында жұмыс істеді. Биыл қариялар отбасылық өмірдің 60 жылдығын атап өтті.
Кәкпеновтер 7 бала, 18 немере, 3 шөбере сүйген. Балаларының бәрі жоғары білімді. Немерелері «Болашақ» бағдарламасымен Германия, Англия және Австрияда білім алуда.
Бақберген АМАЛБЕК,
«Егемен Қазақстан».