Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаменті 2015 жылғы 10 маусымда сағат 11.00-ден бастап 17.00-ге дейін www.gosreestr.kz Мемлекеттік мүлік тізілімінің веб-порталында республикалық меншіктегі объектілерді сату жөнінде электрондық аукцион өткізу туралы хабарлайды
Республикалық меншіктегі объектілерді сату Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 9 тамыздағы №920 қаулысымен бекітілген Жекешелендіру объектілерін сату қағидасына сәйкес жүзеге асырылады.
Сауда саттықтың голланд әдісімен аукционға мына объектілер қойылады:
«ВАЗ-21101-125» автокөлігі, м/н kz 045 CS 13, 2007 ж/ш. ҚР Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаменті Оңтүстік Қазақстан облыстық сотының кеңсесі балансындағы, орналасқан мекенжайы: ОҚО, Шымкент қаласы, Желтоқсан көшесі, 1 (теңгерім ұстаушының жаңа мекенжайы: Түркістан көшесі, 87). Алғашқы бағасы – 761880 теңге. Бастапқы бағасы – 3 809 400 теңге. Ең төменгі бағасы – 62563 теңге. Кепілді жарнасы – 114282 теңге.
«ВАЗ-21214-107» автокөлігі, м/н kz 038 CS 13, 2007 ж/ш. ҚР Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаменті Оңтүстік Қазақстан облыстық сотының кеңсесі балансындағы, орналасқан мекенжайы: ОҚО, Шымкент қаласы, Желтоқсан көшесі, 1 (теңгерім ұстаушының жаңа мекенжайы: Түркістан көшесі, 87). Алғашқы бағасы – 707460 теңге. Бастапқы бағасы – 3 537 300 теңге. Ең төменгі бағасы – 64549 теңге. Кепілді жарнасы – 106119 теңге.
«Сhrysler Pt Cruiser» автокөлігі, м/н kz 036 CS 13, 2002 ж/ш. ҚР Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаменті Оңтүстік Қазақстан облыстық сотының кеңсесі балансындағы, орналасқан мекенжайы: ОҚО, Шымкент қаласы, Желтоқсан көшесі, 1 (теңгерім ұстаушының жаңа мекенжайы: Түркістан көшесі, 87). Алғашқы бағасы – 1596320 теңге. Бастапқы бағасы – 7 981 600 теңге. Ең төменгі бағасы – 131083 теңге. Кепілді жарнасы – 239448 теңге.
«Jaguar S-Type» автокөлігі, м/н kz 041 CS 13, 2001 ж/ш. ҚР Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаменті Оңтүстік Қазақстан облыстық сотының кеңсесі балансындағы, орналасқан мекенжайы: ОҚО, Шымкент қаласы, Желтоқсан көшесі, 1 (теңгерім ұстаушының жаңа мекенжайы: Түркістан көшесі, 87). Алғашқы бағасы – 1560040 теңге. Бастапқы бағасы – 7 800 200 теңге. Ең төменгі бағасы – 128104 теңге. Кепілді жарнасы – 234006 теңге.
«ВАЗ-21070» автокөлігі, м/н Х 634 КР, 2003 ж/ш. Көліктегі ішкі істер департаменті Шымкент стансасындағы ішкі істер желілік басқармасы Арыс стансасындағы желілік полиция бөлімі балансындағы, орналасқан мекенжайы: ОҚО, Арыс қаласы, Қазыбек би көшесі, 2. Алғашқы бағасы – 362800 теңге. Бастапқы бағасы – 1 814 000 теңге. Ең төменгі бағасы – 29792 теңге. Кепілді жарнасы – 54420 теңге.
Аукционға қатысушыларды тіркеу хабарлама жарияланған күннен бастап жүргізіледі және аукцион басталуға дейін екі сағат бұрын 2015 жылғы 10 маусымда сағат 9.00-де аяқталады. Кепілді жарналар мемлекеттік мүлікті есепке алу саласындағы бірыңғай оператордың шотына төленеді. Кепілді жарнаны алушы – «Ақпараттық есептеу орталығы» АҚ; банк – «Қазкоммерцбанк» АҚ; ИИК KZ529261501102032004, БИК KZKOKZKX, БИН 050540004455; КБЕ-16, КНП-171, төлемнің белгіленуі – аукционға қатысу үшін кепілді жарна (банк қызметтері үшін төлемдер кепілді жарнаның мөлшеріне кірмейді). Қатысушыларға кепілді жарнаның кез келген санын енгізуге жол беріледі, бұл ретте бір кепілді жарна қатысушыларға ол бойынша аукционға қатысу үшін осы кепілді жарнаны енгізген жекешелендіру объектісін сатып алу құқығын береді.
Аукционға қатысу үшін мыналарды көрсетіп алдын ала тізілім веб-порталына тіркелуі қажет:
1) жеке тұлғалар үшін: жеке сәйкестендіру нөмірін (бұдан әрі – ЖСН), тегін, атын, әкесінің атын (бар болған жағдайда);
2) заңды тұлғалар үшін: бизнес сәйкестендіру нөмірін (бұдан әрі – БСН),толық атауын, бірінші басшының тегін, атын, әкесінің атын (бар болған жағдайда);
3) кепілді жарнаны қайтару үшін екінші деңгейдегі банктегі есеп айырысу шотының деректемелерін;
4) байланыс деректерін (пошталық мекенжайы, телефоны, факс, е-mail);
5) ұлттық куәландырушы орталық берген ЭЦҚ-ның жарамдылығы мерзімін көрсетіп тізілімнің веб-порталында алдын ала тіркелу қажет.
Жоғарыда көрсетілген деректер өзгерген кезде қатысушы бір жұмыс күні ішінде тізілімнің веб-порталына енгізілген деректерді өзгертеді. Аукционға қатысушы ретінде тіркелу үшін қатысушының ЭЦҚ қойылған аукционға қатысуға өтінімді осы қағидаға қосымшаға сәйкес объект бойынша тізілімнің веб-порталында тіркеу қажет. Аукционға қатысуға өтінім тіркелгеннен кейін тізілім веб-порталында үш минут ішінде сатылатын объект бойынша кепілді жарнаның түсуі туралы мәліметтердің тізілім дерекқорында болуы тұрғысынан автоматты түрде тексеру жүргізіледі.
Назар аударыңыз! Қатысушының өтінімді тапсыру және тіркеу бойынша талаптарды сақтамауы, сондай-ақ бірыңғай оператордың арнайы транзиттік шотына сауда-саттықты өткізу хабарламада көрсетілген кепілді жарнаның сауда-саттық басталуға дейін екі сағат бұрын түспеуі тізілім веб-порталында өтінімді қабылдаудан бас тарту үшін негіз болып табылады. Аукционға жіберілген қатысушыға тізілім веб-порталында берілетін аукцион нөмірі бойынша аукцион залына кіруге рұқсат етіледі. Аукционға қатысушылар аукцион басталуға бір сағат қалғанда аукцион залына ЭЦҚ-ны және аукцион нөмірін пайдаланып кіреді. Аукцион жекешелендіру объектісінің бастапқы құнын аукцион залында автоматты түрде орналастыру жолымен сауда-саттық өткізу туралы ақпараттық хабарламада көрсетілген Астана қаласының уақыты бойынша басталады және қатысушыны аукционға жіберу жүзеге асырылады.
Аукционның жеңімпазы сатып алу шартына қол қойған кезде сатушыға салыстыру үшін құжаттардың:
1) жеке тұлғалар үшін: паспорттың немесе жеке тұлғаның жеке басын куәландыратын құжаттың, заңды тұлғалар үшін: жарғының, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің не заңды тұлғаны мемлекеттік (қайта тіркеу) туралы анықтаманың;
2) заңды тұлға өкілінің өкілеттіктерін куәландыратын құжаттың, сондай-ақ заңды тұлғаның өкілі паспортының немесе оның жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмелері;
шетелдік заңды тұлғалар қазақ және орыс тілдеріндегі нотариалды куәландырылған аудармасы бар құрылтай құжаттарының электрондық (сканерленген) көшірмелерін ұсынады.
Аукционға қатысушылар аукцион басталғанға дейін бір сағат ішінде аукцион залына ЭЦҚ мен аукцион нөмірін пайдаланып кіреді. Аукцион жекешелендіру объектісінің бастапқы құнын аукцион залында автоматты түрде орналастыру жолымен сауда-саттықты өткізу туралы хабарламада көрсетілген Астана қаласының уақыты бойынша басталады.
Сауда-саттықтың голланд әдісі бойынша аукцион ережесі:
1) егер аукцион басталған сәттен бастап екі минут ішінде қатысушылардың бірде-біреуі аукционда жекешелендіру объектісін сатып алу ниетін растамайтын болса, жекешелендіру объектісінің бастапқы бағасы қағидаға сәйкес белгіленген қадамға азаяды;
2) егер баға азайғаннан кейін екі минут ішінде қатысушылардың бірде-біреуі жекешелендіру объектісін сатып алуға ниетін растамайтын болса, жекешелендіру объектісінің соңғы жарияланған бағасы белгіленген қадаммен азаяды. Жарияланған баға бойынша жекешелендіру объектісін сатып алуға ниетін бірінші болып растаған қатысушы сауда-саттықтың голланд әдісі бойынша аукцион жеңімпазы болып танылады және осы жекешелендіру объектісі бойынша аукцион өткізілді деп танылады;
3) егер жекешелендіру объектісінің бағасы белгіленген ең төменгі мөлшерге жетсе және қатысушылардың бірде-біреуі жекешелендіру объектісін сатып алу ниетін растамаса, онда аукцион өткізілмеді деп танылады.
Әрбір сатылған жекешелендіру объектісі бойынша аукцион нәтижелері электрондық хаттамамен ресімделеді, оған сатушы және жеңімпаз ЭЦҚ пайдаланып аукцион өткізілген күні тізілімнің веб-порталында қол қояды. Аукцион нәтижелері туралы хаттама аукцион нәтижелерін және жеңімпаз сатушының жекешелендіру объектісін сату бағасы бойынша сатып алу-сату шартына қол қою міндеттерін белгілейтін құжат болып табылады.
ОҚО, Шымкент қаласы, Ғ.Иляев көшесі, 24 мекенжайында жеңімпазбен сатып алу-сату шартына аукцион өткізілген күннен бастап күнтізбелік он күннен аспайтын мерзімде қол қойылады.
Аукционның жеңімпазы сатып алу шартына қол қойған кезде сатушыға салыстыру үшін мынадай құжаттардың:
1) жеке тұлғалар үшін: паспорттың немесе жеке тұлғаның жеке басын куәландыратын құжаттың, заңды тұлғалар үшін: жарғының, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің не заңды тұлғаны мемлекеттік (қайта тіркеу) туралы анықтаманың,
2) заңды тұлға өкілінің өкілеттіктерін куәландыратын құжаттың, сондай-ақ заңды тұлғаның өкілі паспортының немесе оның жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмелерін; шетелдік заңды тұлғалар қазақ және орыс тілдеріндегі нотариалды куәландырылған аудармасы бар құрылтай құжаттарының электрондық (сканерленген) көшірмелерін ұсынады. Құжаттардың түпнұсқалары салыстырғаннан кейін бір жұмыс сағаты ішінде қайтарылады.
Аукцион өткізу туралы қосымша ақпаратты www.gosreestr.kz сайтынан және 8 (7252) 21-01-59, 21-29-22 телефондары арқылы алуға болады.