• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
28 Тамыз, 2015

Вьетнам елшісін қабылдады

370 рет
көрсетілді

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Төрағасы Қабиболла Жақыпов Вьетнам Социалистік Республикасының Қазақстандағы Төтенше және өкілетті елшісі  Нгуен Ван Хоаны қабылдады, деп хабарлады Мәжілістің баспасөз қызметі. Кездесуде тараптар Қазақ­стан мен Вьет­нам арасындағы өзара ынтымақтастық мәсе­лелеріне тоқталып, әсіресе, екі елдің сауда-экономикалық байланыстарын нығайтуға көңіл бөлді. Тараптардың атап өткеніндей, Вьетнам Премьер-министрінің Қазақстанға сапары барысында  қол қойылған Еуразиялық экономикалық одақ елдері мен Вьетнам Социа­листік Республикасы арасында еркін сауда аймағы туралы келісім екіжақты экономикалық ықпалдастықты одан әрі терең­детуге серпін бермек. Қ.Жақыпов әлемдік эконо­микалық дағдарыс жағдайына айрықша назар аударып, оны еңсеру жолында қолға алынып жатқан шаралардың барлығы экономиканың бәсекеге қабі­леттілігін арттыруға бағыт­талғанын айтты. Өз кезегінде елші экономикалық, саяси, парламентаралық, достық байланыстарды дамытудың маңыздылығына тоқталып, алдағы уақытта Вьетнам Социалистік Республикасы Қазақстан азаматтары үшін визасыз режим енгізуді жоспарлап отырғанын атап өтті. Сондай-ақ, Қ.Жақыпов үс­ті­міздегі жылғы тамыз айы­ның соңында Қазақстан­дағы миссиясының аяқтала­тындығына орай, елшіге соңғы үш жыл ішінде қос мемлекеттің қарым-қатынасын жан-жақты дамытуға қосқан жеке үлесі үшін алғысын жеткізді.
Соңғы жаңалықтар