• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
28 Тамыз, 2015

Құрмет грамотасын табыс етті

445 рет
көрсетілді

Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен өкілеттігі тоқтатылған Жоғарғы палатаның бұрынғы депутаттары Ерлан Нығматулинге және Серік Нөгербековке Құрмет грамотасын табыс етті, деп хабарлады Парламент Сенатының баспасөз қызметі. Олар Мемлекет басшысының Стратегиясы мен реформаларын заңнамалық тұрғыда қамтамасыз етуге зор үлес қосқаны үшін марапатталды. Қ.Тоқаев өз сөзінде Е.Нығматулин мен С.Нөгербековтің кәсіби біліктілігі мен принциптілігін атап өтіп, Сенаттағы заң жобалары бойынша белсенді және нәтижелі жұмыстарына алғысын білдірді. Тек өткен парламенттік сессияда ғана Сенат 113 заң қабылдаған болатын.