• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
28 Тамыз, 2015

Қарағандыға Канададан инвестор келмекші

285 рет
көрсетілді

ҚАРАҒАНДЫ. 28 тамыз. Қарағанды облыстық әкімдігінде Канада делегациясымен кездесу өтіп, Альберта провинциясы мен облыс арасында етті ірі қара мал шаруашылығын дамыту жөнінде келісімге қол жеткізілді. Бұл туралы облыс әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады. Канадалық бизнесмендер өздерінің мүмкіндіктері туралы айтып, ТМД елдерінде біріккен кәсіпорындар құрғанда жинақтаған  тәжірибелерімен бөлісті. Сонымен қатар, қарағандылықтар Канадада жыл сайын өтетін Farmfair International жәрмеңкесіне шақырту алды. Бұдан бөлек, қонақтар Альберта провинциясында таза тұқымды мал өсірумен айналысатын фермаларды көріп қайтуға шақырды. Альберта провинциясында Канадаға тиесілі мүйізді ірі қараның 40 пайыз өсіріледі екен. Ал жыл сайын қараша айында өтетін халықаралық Farmfair International жәрмеңкесін 90 мыңнан астам адам келіп тамашалайтын көрінеді. Қайрат Әбілдинов. Дерек пен сурет: Қарағанды облысы әкімінің баспасөз қызметі.