• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
28 Тамыз, 2015

Боксшылар Азия чемпионатына қатысып жатыр

250 рет
көрсетілді

АСТАНА. Бокстан Қазақстан ұлттық құрама командасы Таиландтың Бангкок қаласында өтіп жатқан Азия чемпионатына қатысып жатыр. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады. Жарыстың екінші күні 49 кило салмаққа дейінгі дәрежеде Теміртас Жүсіпов пен 60 кило салмақтағы Закир Сафиуллин 1/8 финалға шықты.  Теміртас шри-ланкалық Тхиванка Паллеханы жеңсе, Закир қытайлық Жун Шэнді ұтты.  Сөйтіп, Қазақстан құрамасынан  1/8 финалда өнер көрсететін боксшылар саны тоғызға жетті. Басқа жеті былғары қолғап шеберіміз бірден келесі айналымға өтті. Олар – Қайрат Ералиев (56 кг), Самат Башенов (64 кг), Данияр Елеусінов (69 кг), Жәнібек Әлімханұлы (75 кг), Әділбек Ниязымбетов (81 кг), Василий Левит (91 кг) пен Иван Дычко ( 91 кг-ден жоғары). Қазақстан құрамасының тағы бір боксшысы Олжас Сәттібаев (52 кг)  1/8 финалға шығу алаң иесі Танес Онгджунтамен қолғап түйістіреді. Олимпиада алдында Азия чемпионатының боксшыларымыз үшін маңызы зор. Өйткені, осы сында көрсеткен нәтижесі, рейтингі Олимпия ойындарына жолдама беретін әлем чемпионатында маңызды рөл атқаратын болады. Дастан Кенжалин. Дерек, сурет: Қазақстан бокс федерациясы.