• RUB:
    4.76
  • USD:
    526.11
  • EUR:
    542.31
Басты сайтқа өту
28 Тамыз, 2015

Алматыда «Алма-Ата – любовь моя!» ән фестивалі өтпейтін болды

267 рет
көрсетілді

АЛМАТЫ. 28 тамыз. Жыл сайын күзге салым үзбей өткізіліп келетін «Алма-Ата – любовь моя!» ретро-ән фестивалі өткізілмейтін болды. Бұл туралы egemen.kz хабарлады. «Өткен жылы бұл фестивальді өткізу үшін біздің атымызға осы мерзімде 30 өтінім түссе, биыл небары 4-еу ғана түсті» деді, қалалық мәдениет басқармасы жетекшісінің міндетін атқарушы  Мәркен Ахметов. – Сол себепті де ретро-фестиваль биыл өтпейтін болды.» Фестивальдің ұйымдастырушылары қазіргі таңда жобаның тұжырымдамасын қайта қарап жатыр. Бұл фестиваль Алматыда 1999 жылдан бері өтіп келетінін еске сала кетейік. Талғат Сүйінбай. Дерек, сурет: egemen.kz.