ҚОСТАНАЙ. 28 тамыз. Сарыкөл ауданы аумағында екі бірдей жеке өрт бекеті ашылды. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады.
Веселоподол ауылдық округіне қарасты Веселый Подол және Барвинов ауылдық округінің Барвинов селоларында өрт бекетінің салтанатты ашылуы болды. Әкімшілік аумақтағы өрт бекеттері Веселоподол ауылдық округіндегі № 2 «Раушан - Агро», «Арыстан - ПК», және Барвинов селосындағы «Аманжол-Акро» шаруашылықтарының базасында жұмыс істейтін болады.
Облыста осындай 8 жеке өрт бекеттері пайдалануға берілді. Өрт сөндіру бекеттерінде өрт сөндірушілерге барық жағдай жасалған. Әр бекетте 7-10 өрт сөндірушілер жұмыс істейді. Олар барлығы арнайы бағдарлама бойынша Департаменттің Кәсіби даярлық мектебінде оқуды өтті. Өрт бекеттері 3 ауылдық округтің аумағында орналасқан орманды-даладағы 7 елді мекенді өрттен қорғайтын болады.
Нәзира Жәрімбетова.
Дерек, сурет: egemen.kz