• RUB:
    5.05
  • USD:
    522.91
  • EUR:
    548.85
Басты сайтқа өту
28 Тамыз, 2015

Көкшетауда «Қазақстанның үздiк тауары» байқауы өтті

290 рет
көрсетілді

КӨКШЕТАУ. 28 тамыз. Көкшетауда «Қазақстанның үздiк тауары» байқауының өңiрлiк жеңiмпаздары анықталды. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады. Байқау жеңiмпаздарын бүгiн «Көкшетау» мәдениет сарайында өткен ҚР Конституциясының 20 жылдығын мерекелеуге арналған салтанатты жиын барысында облыс әкiмi Сергей Кулагин марапаттады. Оған облыстың әр өңiрiнен жиналған 18 кәсiпорын мен жеке кәсiпкерлер қатысты. Байқау жеңiмпаздары «Өндiрiстiк мақсаттағы үздiк тауарлар», «Халыққа арналған үздiк тауарлар» және «Ең үздiк азық-түлiк тауарлары» аталымдары бойынша анықталды. «Өндiрiстiк мақсаттағы үздiк тауарлар» аталымы бойынша «Енки» ЖШС-нiң директоры Нұридин Сампиев, «Халыққа арналған үздiк тауарлар» аталымы бойынша «Тұрмыстық химия зауыты» ЖШС-нiң директоры Ринат Курмаев және «Ең үздiк азық-түлiк тауарлары» аталымы бойынша «Родина» Агрофирмасы» ЖШС-нiң директоры Иван Сауэр 150 мың теңгенiң сертификатына ие болды. Сондай-ақ, «Ақмола Феникс», «Щучье жылу қазандығы-механикалық зауыты», «Сочинское», «Capital Project LTD», «Сапа су», «Краснояр шұжығы», «Күмiс Көкше», «Хоттей», «Inter Trade» жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiктерi мен «Бондаренко», «Қол өнер», «Быданова Е.Г.», «Темеш» жеке кәсiпкерлерi жүлделі орындарды еншіледі. Шара барысында өңiр басшысы бiрқатар ақмолалықтарды ҚР Президентi атынан «Қазақстан Конституциясына 20 жыл» мерейтойлық медальдарымен және өзiнiң алғыс хаттарымен марапаттады. Бақберген Амалбек. Дерек, сурет: egemen.kz