• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
28 Тамыз, 2015

Қытайда сотталған Қазақстан азаматтары елге жеткізілді

264 рет
көрсетілді

АСТАНА. 28 тамыз. Шетелдегі Қазақстан азаматтарының құқықтарын қорғау мақсатында Бас прокуратура мен Ішкі істер министрлігінің қызметкерлері Сыртқы істер министрлігінің қолдауымен есірткі және сирек кездесетін жануарлар контрабандасы үшін Қытайда әртүрлі мерзімдерге сотталған бес отандасымызды еліге жеткізді. Бұл туралы Бас прокуратураның баспасөз қызметі хабарлады. Қытай тарапының құзырлы органы сотталғандарды Қазақстанға беру туралы шешімді 2011 жылғы 22 ақпанда (2013 жылдың 20 қарашасында Қазақстан, ал 2015 жылдың 1 шілдесінде ҚХР заңымен ратификацияланған) Қазақстан Республикасы мен Қытай Халық Республикасы арасындағы шартты іске асыру мақсатында және сотталғандардың өтініштері негізінде қабылдаған. Осы азаматтарға қатысты Қытай сотының үкімін тану және орындау туралы кепіл ретінде сол елдің құзырлы органдарына қазақстандық соттардың тиісті қаулылары жолданды. Берілген адамдар жазаларының қалған мерзімдерін ұлттық заңнамамызға сәйкес Қазақстанның түзеу мекемелерінде өтейтін болады. Айдар Өрісбаев. Дерек: Бас прокуратураның баспасөз қызметі. Сурет: aksay.kz.