• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
28 Шілде, 2010

Қырғыз ағайындарға көмек

513 рет
көрсетілді

АЛМАТЫ Қазақстан Еуропадағы қауіп­сіз­дік және ынтымақтастық ұйы­мы­ның іс басындағы төрағасы ре­тінде Қырғызстандағы жағдайды тез арада қалпына келтіру үшін қа­жетті шараларды қолға алып, кө­мек қолын созуда. Сонымен қатар көршілес туыс мемлекет ретінде оның экономикасын барынша қысқа мерзімде қалпына келтіру мақсатында бірқатар жұмыстар атқарылуда. Оған Мемлекет бас­шысы Нұрсұлтан Назарбаевтың қи­ын да күрделі жағдайға тап бол­ған Қырғыз Республикасын осын­дай кезеңде қолдау үшін арнаулы гуманитарлық қор құру туралы ұсынысы айқын дәлел бола алады. Елбасы бүгінгі күн тәртібінде тұрған мұндай маңызды мәселе жөнінде жақында Алматыда өткен ЕҚЫҰ сыртқы істер ми­нистр­ле­рі­нің бейресми кезде­суінде атап айт­қан болатын. Со­ған орай Қа­зақ­стан Үкіметі көр­шілес Қырғыз Республикасына гуманитарлық көмек көрсету ту­ралы шешім қа­был­дап, 11 мил­лион АҚШ дол­лары­на жуық қаражат бөлді. ҚР Төтенше жағдайлар ми­нистрі В.Божконың айтуынша, Үкі­меттің осы қаулысы аясында қыр­ғыз ағайындарға көп мөл­шер­дегі түрлі тауарлар жіберу жоспар­ла­нып отыр. Тұрмысқа аса қажет бұл тауарлардың арасында жылу электр стансасын шикізатпен қам­тамасыз ету үшін көмір, құрылыс ма­териалдары – ағаш, металл про­каты, шатырға арналған мате­риалдар және әрине өте мол кө­лемдегі азық-түлік те бар. Төтенше жағдайлар министрлігінің осындай ұйғарымын орындау мақсатында Мемлекеттік материалдық резерв бойынша комитет республикалық мемлекеттік “Резерв” кәсіпорнына жоғарыда көрсетілген бұл тауар­ларды мемлекеттік материалдық ре­зерв қорынан шығаруды бұйыр­ған болатын. “Бүгінде “Резерв” республика­лық мемлекеттік кәсіпорнының Алматы филиалы Қырғызстанға ауқымды көлемдегі күрішті ар­нау­лы жүк мәшинелеріне тиеп жі­бе­руде”, дейді филиал директоры Бейбіт Ибрашұлы өз ойын ортаға салып. Анығырақ айтқанда, келе­шекте 47 вагоннан тұратын темір­жол құрамын жіберу жоспар­ла­ну­да. Ал мұның, яғни жүктің ауқы­мы өте үлкен болғандықтан оны жөнелту Төтенше жағдайлар ми­нистрі В.Божконың бақылауында болмақ. Сондай-ақ, министрдің тікелей тапсырмасы бойынша Төтенше жағ­дайлардың Алматы гарнизо­ны­ның қосымша құрамы да іске қо­сылады. Жүк тиеуге арналған ва­гондарды “Қазақстан темір жолы” ҰК-ның Алматы темір жол бас­қармасы шұғыл түрде ұсынбақ. Со­нымен, Қырғызстанға Қазақ­стан халқының көмегі уақытында жеткізілетіндігіне сенім мол. Бақыт БАЛҒАРИНА.

* * *

СЕМЕЙ Біріне-бірі жалғасқан саяси дүрбелең мен ағайынаралық жан­жал­дардың салдарынан бүгінде эко­номикалық және әлеуметтік жағ­дайы тығырыққа тіреліп отыр­ған Қырғыз Республикасына біздің мемлекетіміз тарапынан материал­дық тұрғыда он миллионнан аса АҚШ доллары көлемінде көмек көрсетілетіні белгілі. Соған орай жуырда Қырғыз елі­не аттандыруға Семейден 4 ва­гон құрылыс және шаруашылық тауарлары тиелді. Мұның басым бөлігі осында өндірілген құрылыс материалдары. Соның ішінде Семей шиферінің орны бөлек. Мұның сыртында ағайындарға арналған сәлемдеме құрамында түрлі азық-түлік бар. – Мұндай сәлемдемелер рес­пуб­лика бойынша бір жерге жи­нақ­та­лып, сонсоң тиісті жерге жө­нелті­ле­тін болады. Бірақ бұл игі­лікті істе еш кідіріс болмайтын­ды­ғына сенімдіміз, – дейді “Бал­қаш” республикалық мекемесінің осындағы филиалының басшысы Нұрбек Сағадиев. Сөз соңында мұндай көмек еліміздің мемлекеттік материалдық резервінен жасалып отырғанын айта кеткеніміз жөн болар. Төс­кей­­де малы, төсекте басы қосы­лып жатқан қырғыз ағайындарға кө­мек осылайша өз жалғасын табуда. Дәулет СЕЙСЕНҰЛЫ.