• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
12 Наурыз, 2015

Діни уағыздаушы Египет пирамидаларын қиратуға шақырды

644 рет
көрсетілді

АСТАНА. 12 наурыз. Кувейттік діни уағыздаушы Ибрагим әл-Кендари египеттік пирамидалар мен Сфинкс фигурасын қиратуға шақырды. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады. Әл-Кендаридің айтуынша, фараондар заманында мұсылмандар Египетке барғанда пирамидаларға тиіспей, көзінің қарашығындай сақтаса да қазіргі жағдай басқаша, қазір бәрін қиратуға болады. «Пирамидалар – идолға табынуды білдіреді. Бүгінде пирамидалар тарих, мәдениет пен сәулет өнерінің туындысы деп есептеледі. Соған қарамастан оларды қиратуға шақырамын», деді ол. Бұған дейін «Ислам мемлекеті» тобының басшысы Әбу Бакр әл-Багдади де пирамидалар мен сфинкс фигурасын құлатып, жермен жексен ету туралы мәлімдеме жасаған болатын. Сол кезде ол: «Пирамидаларды қирату -  діни парызымыз» деп айды аспаннан шығарған. Айтқандай, жақында «Ислам мемлекетінің» содырлары ежелгі Нимруд қаласын қиратты.  ХІІІ ғасырда салынып, осы кезге дейін ассириялық өркениеттің бір белгісі болып саналып келген қала бульдозерлермен сырылып тасталды. Дастан Кенжалин. Дерек: egemen.kz Сурет: egemen.kz
Соңғы жаңалықтар